38 жастағы әлем чемпионы Оливье Жиру Еурокубокта екі рекорд орнатты
Норвегияның "Бранн” клубына қарсы ойында 67-минутта алаңға шыққан 38 жастағы форвард бар болғаны 13 минуттан соң жеңіс голын соғып, екі бірдей рекорд жаңартты. Бұл гол Жируға Еуропа лигасы мен УЕФА кубогы тарихындағы ең жасы үлкен алмастырылғаннан кейін гол соққан футболшы атағын әкелді.
Сонымен қатар, ол Франция футбол тарихында да рекорд орнатты. Жиру – Еурокубокта гол соққан ең егде Француз ойыншысы. Бұған дейінгі рекорд 1965 жылы "Страсбур” сапында "Миланға” қарсы ойында гол соққан Рене Ауссаға тиесілі еді. Ол кезде оның жасы 37 жас 306 күн болатын.
2024 жылдың жазында "Лос-Анджелестен" "Лилльге" ауысқан Жиру жаңа клубында бес матчта үш гол соғып үлгерді.
Еске сала кетейік, Оливье Жиру Франция құрамасымен бірге 2018 жылы әлем чемпионы атанған.