«Лилльдің» түркиялық футболшысы тарихи рекорд орнатты

06.11.2020, 17:23
Бұл көрсеткіш тіпті Чемпиондар лигасының тарихында да болмаған екен.
«Лилльдің» түркиялық футболшысы тарихи рекорд орнатты

Еуропа лигасының топтық кезеңінің 3-ші турындағы «Миланмен» (3:0) болған матчта хет-трик жасаған «Лилльдің» 23 жастағы шабуылдаушы жартылай қорғаушысы Юсуф Языдзи өзінің есімін Еуропа лигасының тарихына жазып қалдырды, деп хабарлайды OptaPaolo басылымы.

Дереккөздің хабарлауынша, Языджи УЕФА ұйымдастырған ірі турнирлер тарихында бір маусымда екі рет сырт алаңда хет-трик жасаған алғашқы ойыншы атанды. Еске салайық, Еуропа Лигасының топтық кезеңінің 1-ші турында ол «Спартаға» қарсы ойында (4:1) үш гол соққан болатын.

Жалпы, 23 жастағы футболшы осы маусымда «Лилль» үшін барлық турнирлерде 11 матч өткізіп, 7 гол соқты. Языджи 2019 жылдың тамызында «Лилль» клубына «Трабзонспордан» 17,5 миллион еуроға ауысып келген еді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×