
Еуропа лигасының ширек финалындағы алғашқы кездесуде "Манчестер Юнайтед" пен "Лион" арасындағы матч 2:2 есебімен аяқталды. Қақпашы Андре Онананың қателіктері Ағылшын командасын жеңістен айырды.
Ойын алдында Онана "Юнайтед" "Лионнан” әлдеқайда мықты” деп мәлімдеген еді. Алайда 25-минутта Тьяго Альмада орындаған айып добынан кейін доп қорғаушылар мен қақпашының арасынан өтіп, қақпаға тура соғылды — бұл эпизодта да Онана айтарлықтай қателік жіберген еді.
Бірінші таймның соңына таман Лени Йоро таразы басын теңестіріп, "Юнайтед" үмітін қайта жаққандай болды. Бұл Йороның клубтағы алғашқы голы.
Ойынның соңғы минуттарында Джошуа Зиркзе Бруно Фернандештің пасынан кейін баспен гол соғып, жанкүйерлерді қуантқан болатын. Бірақ бұл қуаныш ұзаққа созылмады, негізгі уақыттың соңғы сәтінде Онана Жорж Микаутадзе соққан допты кері қайтарғанымен, оны дұрыс иемдене алмай, Райан Шеркиге мүмкіндік сыйлады. Черки бұл мүмкіндікті мүлт жібермей, есепті 2:2-ге жеткізді.
Онананың бұл матчтағы сәтсіздігі статистикада да көрініс тапты. Ол соңғы маусымнан бері қарсыласқа гол әкелетін 8 қателік жасап үлгеріпті. Ол бұл көрсеткіш бойынша Премьер лигадағы барлық қақпашылардан алда. Команданың бұрынғы ойыншысы Неманья Матич оны дәл осы матч алдында "Юнайтед” тарихындағы ең нашар қақпашы” деп атаған.
"Лион" "Манчестер Юнайтедті” ресми матчтарда әлі жеңе алмай келеді. Бұл – қос команданың бесінші кездесуі, ал Франция ұжымы бұған дейін тек "Барселонаны” ғана осыншалық рет (5+ матч) ұта алмаған.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET