Лионель Андрес Месси кәрі құрлықтың үздігі деп танылды

26.08.2011, 06:18
Лионель Андрес Месси кәрі құрлықтың үздігі деп танылды
Аргентиналық ала допшы және «Барселона» командасының шабуылшысы, 2010-жылғы дүниежүзінің  ең үздік футболшысы атағын қанжығасына байлаған Лионель Андрес Месси жетістіктер қатарын тағы көбейтті. Ол Монако төрінде әріптесі, орталық алаңның қожайыны, допқа иелік етуде аса ұқыпты, жоғары техникалы әрі еңбекқор, үнемі «Барселонаның» негізгі құрамынан орын алатын, тіпті «Барса» үшін өткізген ойындар саны бойынша Каталонияның аңызға айналған ойыншысы «Пеп» Гвардиоланың көрсеткішімен теңескен Хави мен Famecount компаниясы Facebook, Twitter әлеуметтік сайттары мен YouTube порталын негізге ала отырып , жүргізген тексеру нәтижесінде әлемдегі ең танымал ойыншы Криштиану Роналдуді артқа тыстап,  кәрі құрлықтың үздігі деп танылды. Дегенмен Месси 2011-жылдың 10-шы қаңтарында ФИФАның «Алтын Доп» жүлдесін, сонымен қатар Әлемнің ең үздік ойыншысы атағын иеленді. 2011-жылғы Чемпиондар Лигасында Лео 12 гол соғып Рууд Ван Нистелройдың рекордын қайталады. Сондай-ақ 3 жыл қатарынан Чемпиондар Лигасының сұрмергені атағына ие болды. Және жақында ғана каталондықтардың Испания кубогін иеленулеріне  үлкен сепігін тигізді. Ал, әлемге әйгілі Марадонаның сол аяғын ғана емес, Кройфтің жылдамдығын және Роналдиньоның пас беру шеберлігін сіңірген жас футболшыға кім бұл атақ лайық емес деп айта алады. Тіпті Лео жайлы «Мессиді тоқтату мүмкін емес», депті Франция құрамасының футболшысы Тьерри Анри. Ал «Барселона» командасының физиотерапевті Хуанхо Брау: “Лионель – футболдың мәні, маңызы” десе, камерундық Самуэль Это`о “Криштиану өте жақсы футболшы, бірақ меніңше, Лео Месси одан асып түседі. Ол бүгінгі Марадона”, – деп бағалайды әріптесін. Хосе Луис Моралес: “Месси кез келген уақытта ойынның барысын өзгертіп, қолына ала алатын керемет ойыншы», – деп таңданса, әйгілі жерлесі Марадона: “Еуропаны жаулау екі аргентиналықтың – мен және Мессидің қолынан келді», – дейді. “Аргентиналықтар үшін ең мықты ойыншы Марадона болып есептелетін болса, ендеше Месси сол деңгейге жетті” деген екен Габриэль Милито. Дауыс беру қорытындысы: 1 Лионель Месси (ARG) - "Барселона" (38 дауыс) 2 Хави Эрнандес (ESP) - "Барселона" (11  дауыс) 3 Криштиану Роналду (POR) - "Реал" (3  дауыс) 4 Андрес Иниеста (ESP) - "Барселона" (33 дауыс) 5 Фалькао (COL) - "Порту"* (17) 6 Уэйн Руни (ENG) - "Манчестер Юнайтед" (15) 7 Неманья Видич (SRB) - "Манчестер Юнайтед" (5) 8 Златан Ибрагимович (SWE) - "Милан" (4) Жерар Пике (ESP) - "Барселона" (4) 10 Мануэль Нойер (GER) - "Шальке-04"** (3) *  "Атлетико" сапында **"Бавария" сапында Дауыс беру қорытындысы және сурет  uefa.com- сайтынан алынды.
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×