Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін

28.10.2025, 18:30

Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 2026 жылғы футболдан Әлем чемпионатына қатысу мүмкіндігі туралы пікір білдірді. 

Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатына қатыспауы мүмкін

Ол соңғы шешімді өз жағдайына, яғни дене дайындығына қарап қабылдайтынын айтты.

38 жастағы "Интер Майами" жұлдызы NBC News арнасына берген сұхбатында:

"Әлем чемпионатына қатысу – ерекше сезім. Мен тағы да ол сәтті бастан өткергім келеді. Бірақ бәрі өзімді қалай сезінетініме байланысты. Келесі маусым алдындағы дайындық кезінде 100 пайыз дайын болатыныма көз жеткізсем, шешім қабылдаймын.” – деді Месси.

2022 жылы Катарда Аргентинаны әлем чемпионы еткен, сегіз дүркін "Алтын доп” иегері әлі де футболға деген құлшынысын жоғалтпағанын атап өтті. Алайда ол жасы 39-ға таяп қалғандықтан, шынайы бағалау мен жауапкершілікті бірінші орынға қоятынын жеткізді.

Месси ұлттық құрама сапында 195 матчта 114 гол соққан. 2023 жылы ол "Барселона" мен “Париж Сен-Жерменнен” кейін АҚШ-тың "Интер Майами” клубына ауысқан болатын.

Сондай-ақ ол Майамидегі өмірдің өзіне ұнайтынын айтты:

"Бұл қала бізге тыныш өмір сүріп, әр күннен ләззат алуға мүмкіндік береді.” – деді аңыз ойыншы.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 5
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×