Лионель Месси «Алтын доп» марапатына пікірін білдірді

23.09.2025, 12:03

«Барселона» мен «ПСЖ»-ның экс-шабуылшысы Лионель Месси «Алтын доп - 2025» дауыс беруінде париждік клубтың ойыншысы Усман Дембеленің жеңісіне қатысты ойын айтты.

 

Лионель Месси «Алтын доп» марапатына пікірін білдірді

«Ұлы Усман. Құттықтаймын! Сен үшін қуаныштымын. Әбден лайық», – деп жазды 38 жастағы Лионель Месси Франция құрамасы ойыншысының әлеуметтік желідегі жарияланымына.

Еске салайық, өткен маусымда Дембеле Чемпиондар лигасының жеңімпазы атанып қана қоймай, Франция чемпионы болды. Сондай-ақ командасымен бірге ел кубогы мен суперкубогын иеленді.

«Алтын доп» дауыс беруінде екінші орынға каталониялық «Барселона» шабуылшысы Ламин Ямаль жайғасса, үшінші орынға Дембеленің клубтасы, португалиялық Витинья тұрақтады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

футбол
Aladop Youtube
×