Лионель Месси Аргентина құрамасындағы екінші трофейіне қол жеткізді

02.06.2022, 17:00
Лео мансабындағы 40-шы жүлдесін жеңіп алды.
Лионель Месси Аргентина құрамасындағы екінші трофейіне қол жеткізді

Кеше Финалиссима аясында Аргентина құрамасы Лондондағы (Англия) «Уэмбли» стадионында Еуропа чемпионы атанған Италияны 3:0 есебімен жеңді.

Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Месси матчтың үздік ойыншысы атанды. Ол екі рет нәтижелі пас беріп, Лаутаро Мартинес пен Пауло Дибаланың гол соғуына өз септігін тигізді.

Месси үшін бұл Аргентина құрамасындағы екінші трофей болды. 2021 жылы аргентиналықтар Америка кубогін жеңіп алған болатын. Ал 2014 жылы Лео әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды.

ПСЖ шабуылшысы мансабындағы 40-шы жүлдесін жеңіп алды. Бұл көрсеткіш бойынша Месси бұрынғы әріптесі Андрес Иньестаны басып озды. «Барселонаның» қорғаушысы Дани Алвес футбол тарихында ең көп трофей жеңген футболшы болып табылады.

«Біз кез келген командамен ойнауға дайынбыз. Бүгін бізде жақсы матч болды. Италия - керемет команда. Ойынның қиын болатынын білдік, сондықтан чемпион болғанымызға өте қуаныштымыз. Керемет финал, стадион аргентиналықтарға толы болды», - деді Месси матчтан кейінгі сұхбатында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×