
Лионель Месси “Барселонаның” жаңа жұлдызы — Ламин Ямальдың дамуына қатысты пікір білдірді.
“Ямальдың қол жеткізген және әлі де жетіп жатқан жетістіктері таңғалдырады. Ол Испания құрамасымен Еуропа чемпионы атанды. Жасы бар болғаны 17-де, ол әлі де өсіп келеді және ойыншы ретінде дамуын жалғастырады. Мен де дәл солай дамыған едім. Оның бойында таңғажайып қабілеттер бар – ол қазірдің өзінде әлемдегі ең үздіктердің бірі”, – деді Месси All About Argentina парақшасына берген сұхбатында.
Биылғы маусымда 17 жасар Ламин Ямаль барлық турнирлерде 44 матчқа қатысып, 14 гол соғып, 21 нәтижелі пас берген.
Футболшылардың нарықтағы құнын бағалайтын Transfermarkt порталы Ямальдың қазіргі құнын 180 миллион еуро деп көрсетіп отыр.
Айболат Өнер
Біздің серіктес: FONBET