Лионель Месси болашағы туралы шешім қабылдады

23.05.2021, 00:15
Месси каталондық клубта қалуды жоспарлап отыр.
Лионель Месси болашағы туралы шешім қабылдады

«Барселонаның» шабуылшысы Лионель Месси клубпен келісім-шартын ұзартады, деп жазды журналист Николо Скира өзінің твиттер парақшасында. Дереккөздің хабарлауынша, 33 жастағы аргентиналық футболшы каталондық клубпен 2023 жылға дейін есептелген келісім-шарт жасасады.

Бұған дейін Мессидің болашағы туралы шешімін отбасымен, оның ішінде әкесімен және ағаларының бірімен талқылайтыны белгілі болды. Олар француз клубына қосылуды талап етуде. Ал ПСЖ-ның спорттық директоры Леонардо Мессиге қатысты жағдайды мұқият бақылап отыр. Шабуылшы испаниялық клубта жоғары жалақы ала алмайтынын түсінеді, өйткені каталондықтар қаржылық дағдарысты бастан кешіруде.

Аргентиналық шабуылшы 2023 жылдың жазына дейін тағы екі маусымды Ла Лигада өткізбекші, одан кейін МЛС-те ойнау үшін Америка Құрама Штаттарына аттанады. Месси соңғы екі жылды Еуропада өткізуді жоспарлап отыр: Испанияда немесе Францияда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×