Лионель Месси Чемпиондар лигасының алдағы матчына қатыспайды

24.11.2020, 01:53
Бұл ойынға Фрэнки де Йонг те қатыспайды.
Лионель Месси Чемпиондар лигасының алдағы матчына қатыспайды

«Барселона» шабуылшысы Лионель Месси Чемпиондар лигасының топтық кезеңіндегі «Динамо Киевпен» болатын ойынға қатыспайды.

Матчқа шақырту алған ойыршылардың тізімі келесідей: Марк-Андре тер Штеген, Серджиньо Дест, Карлес Аленья, Антуан Гризманн, Миралем Пьянич, Мартин Брэйтуэйт, Усман Дембеле, Рики Пуч, Нето, Филиппе Коутиньо, Клеман Лангле, Франсиску Тринкан, Жорди Альба, Матеус Фернандес, Хуниор Фирпо, Игнасио Пенья, Оскар Мингуэза және Конрад де ла Фуэнте.

Ал команданың бас бапкері Рональд Куман бұл жағдайды былай түсіндірді:

«Біз Месси мен де Йонгты Испанияда қалдыруға шешім қабылдадық, өйткені «Барселонаның» өз тобындағы жағдайы өте қолайлы болып тұр. Біз тоғыз ұпай жинадық. Лео мен Фрэнкиге демалу керек», - деді Куман.

Матч ертең, 24 қараша күні Киевте өтеді. Және Нұр-Сұлтан уақытымен 02:00-де басталады.

4 қарашада Барселонада өткен командалардың топтық кезеңдегі алғашқы кездесуі 2:1 есебімен каталондық клубтың пайдасына аяқталған болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×