Чемпиондар лигасының топтық кезеңінің 6-туры матчында "Барселона" өз алаңында "Ювентусты" қабылдады. Кездесу Каталония астанасындағы "Камп Ноу" стадионында өтіп, 3-0 есебімен Туриндік клубтың пайдасына аяқталды.
OptaJose порталы хабарлағандай, "Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси қақпаға 11 соққы жасаған, оның жетеуі қақпаға дәл бағытталып, гол соға алмады. Бұл 2003/2004 жылғы маусымнан бергі Чемпиондар лигасында болмаған көрсеткіш.
Осы жеңістің арқасында "Ювентус" "Барселонаны" айналып өтіп, Чемпиондар лигасының 1/8 финалына бірінші орынмен шықты.
Біздің серіктес: FONBET