"Барселона" шабуылшысы Лионель Месси Испания Суперкубогінің финалында "Атлетик Бильбаоға" қарсы матчтағы әрекеті үшін жазаланды.
Sport.es хабарлағандай, команда капитаны екі матчқа шеттетілді. Осылайша, Лео ауыр жазадан құтылып кетті. Аргентиналық футболшының 12 ойыннан шеттетілуі мүмкін екендігі хабарланған болатын.
Еске салайық, Месси матчтың аяқталуына бір минут қалғанда алаңнан қуылды. Ол "Атлетик" ойыншысын ұрып құлатты, ал бейнеқайталауға жүгінген төреші оған қызыл қағаз көрсетті. Бұл шабуылшының "Барселонадағы" алғашқы қызыл қағазы болды.
Испания суперкубогінің финалдық матчында "Атлетик" қосымша уақытта "Барселонаны" 3:2 есебімен жеңген болатын. Каталониялық клуб сапынан екі голды Антуан Гризманн соқты. Жеңімпаздар сапынан Оскар де Маркос, Асьер Вильялибре және Иньяки Уильямс көзге түсті.
Біздің серіктес: FONBET