Лионель Месси ең үздік бапкерлердің есімін атады

27.12.2020, 17:32
Месси келесі жазда еркін агент атанады.
Лионель Месси ең үздік бапкерлердің есімін атады

«Барселонаның» шабуылшысы және капитаны Лионель Месси Хосеп Гвардиола және Луис Энрикемен жасаған жүмысы туралы айтты. Екі маман да жылдар бойы каталондық клубты жаттықтырған еді.

«Пеп Гвардиолада ерекше қасиет бар. Ол ойыншыны бәрін әр түрлі көзбен көруге мәжбүр етеді, матчтарға керемет дайындалады, оның командалары жақсы қорғанады және жаұсы шабуылдайды. Мен Луис Энрикемен бірге жаттығу жасау бақытына ие болдым. Олар менің мансабымдағы ең жақсы жаттықтырушылар», - деді Месси.

Лионель Месси Испания чемпионатының ағымдағы маусымында 14 матчқа қатысып, 7 гол соқты 1 нәтижелі пас берді.

Мессидің каталондық клубпен келісімшарты алты айдан кейін аяқталады. 33 жастағы аргентиналық келесі жазда командадан кетуі мүмкін.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×