Лионель Месси еркін агент атанды

01.07.2021, 13:59
Аргентиналық футболшы болашағына қатысты шешімді Америка Кубогі аяқталғаннан кейін қабылдауы мүмкін.
Лионель Месси еркін агент атанды

Аргентиналық шабуылшы Лионель Месси еркін агент атанды. Оның "Барселонамен" келісім-шарты бүгін, 1 шілдеде аяқталды.

Келісім-шарттың ұзартылуы туралы әлі ресми түрде жарияланған жоқ. Бірақ аргентиналық футболшы командасыз бола тұра, "Барселонамен" жаңа келісім-шартқа отыра алады.

Месси "Барселонаның" намысын 2003 жылдан бастап қорғады. Каталондық клубпен бірге ол осы уақытқа дейін 10 рет Испания чемпионы болды, жеті Кубок пен сегіз Суперкубокті жеңіп алды, төрт рет Чемпиондар Лигасын және үш рет - УЕФА Суперкубогін және клубтар арасындағы әлем чемпионатын жеңіп алды.

Өткен маусымда Месси Ла Лигада 35 матчқа қатысып, 30 гол соғып, 11 нәтижелі пас берген. Сондай-ақ Чемпиондар Лигасында 6 ойын өткізіп, 5 гол мен 2 нәтижелі пасты еншісіне жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×