Лионель Месси голдар саны бойынша Пеледен озды

08.12.2021, 17:32
Месси кешегі ойында дубль жасаған болатын.
Лионель Месси голдар саны бойынша Пеледен озды

ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси Чемпиондар лигасы аясында «Брюггемен» болған ойында дубль жасады. Бұл оның мансабындағы 758-ші голы.

RSSSF (футбол бойынша статистикамен айналысатын ұйым) мәліметі бойынша аргентиналық футболшы мансабында 757 гол соққан «Сантос» пен Бразилия құрамасының экс-форварды Пелені басып озды.

34 жастағы Месси осы маусымда ПСЖ үшін барлық турнирлерде 14 ойын өткізіп, бес гол мен үш нәтижелі пасты өз еншісіне жазды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×