
Атақты аргентиналық шабуылшы, «Барселона» мен «ПСЖ» клубтарының бұрынғы ойыншысы Лионель Месси АҚШ-тың «Интер Майами» клубынан кетуі мүмкін. Бұл туралы журналист Эстебан Эдуль X (бұрынғы Twitter) желісіндегі парақшасында хабарлады.
38 жастағы футболшы Аргентина құрамасының сапында 2026 жылғы әлем чемпионатына тыңғылықты дайындалу үшін, клубын ауыстыруды жоспарлап отыр. Эдульдің мәліметінше, Месси турнир басталғанға дейін алты ай бұрын бәсекелестігі жоғары лигаға ауысуы ықтимал.
Айта кетейік, 2026 жылғы әлем біріншілігі АҚШ, Канада және Мексикада өтеді. Ал Аргентина құрамасы қазіргі чемпион cаналады. 2022 жылы Қатарда өткен финалда Лионель Скалонидің шәкірттері Францияны жеңген болатын (3:3, пенальтиден 4:2). Месси сол ойында дубльмен көзге түскен.
Біздің серіктес: FONBET