Лионель Месси Криштиану Роналдумен бәсекелестік туралы пікір білдірді

23.10.2020, 18:26
Бұл бәсекелестікті келесі сәрсенбіде қайта көруіміз мүмкін.
Лионель Месси Криштиану Роналдумен бәсекелестік туралы пікір білдірді

"Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси "Ювентус" шабуылшысы Криштиану Роналдуға Чемпиондар лигасының екінші турындағы матч алдында коронавирустан айығып кетуін тіледі.

"Роналдумен арамыздағы бәсекелестік ерекше болған еді және солай болып қалады. Бәсекелестік ұзақ жылдарға созылды және белгілі бір деңгейді ұзақ уақыт ұстап тұру оңай емес. Криштиану Роналду екеуміздің жекпе-жегіміз жеке деңгейде өте жақсы өтті және менің ойымша, бұл жанкүйерлерге ұнады. "Реал Мадридтің", "Барселонаның" және барлық футбол жанкүйерлері керемет көріністі тамашалауға мүмкіндік алды. Біз оларға одан да көп эмоциялар сыйлаймыз деп үміттенеміз.

Әрине, Криштианудың қатысуымен өткен "Реалдың" ойындары ерекше болды. Бұл матчтар әрқашан есте қалмақ, оның ішінде Криштиану қатысқан ойындар ерекше мәнге ие болды. Алайда, ол қазір артта қалды. Біз алдағы сынақтарды асыға күтеміз. Бұл сынақ сәрсенбіде орын алуы мүмкін. Криштиану коронавирустан жазылса, осы кездесуге қатысады деп үміттенеміз", - деді Месси DAZN-ға берген сұхбатында.

"Ювентус" - "Барселона" арасындағы матч 28 қазанда Туриндегі "Альянц" стадионында өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×