Лионель Месси мен Марко Верратти «Манчестер Ситимен» болатын ойынға қатысады

25.09.2021, 22:16
Екі ойыншы да ол уақытқа дейін жарақаттарынан жазылады.
Лионель Месси мен Марко Верратти «Манчестер Ситимен» болатын ойынға қатысады

"Пари Сен-Жермен" футболшылары Лионель Месси мен Марко Верратти УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі "Манчестер Ситимен" болатын ойынға қатысуы мүмкін, деп хабарлайды L'Equipe.

Дереккөздің айтуынша, Месси мен Верратти бұл матчқа дейін сауығып үлгереді және париждік команданың өтініміне қосылады.

Естеріңізге сала кетейік, Месси "Лионмен" болған матчта жарақат алған болатын. Жарақатына байланысты аргентиналық футболшы "Метцке" қарсы өткен ойынды өткізіп жіберді (2:1) және "Монпельемен" болатын ойынға қатыспайды. Ал Верратти 5 қыркүйектен бері алаңға шыққан жоқ.

УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық кезеңіндегі ПСЖ - "Манчестер Сити" матчы 28 қыркүйек Парижде өтеді. Кездесу Нұр-Сұлтан уақытымен 01:00-де басталады. Қарымта кездесу 24 қарашада Манчестерде өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×