Лионель Месси МЛС чемпионатының жыл ойыншысы атанды

Месси ол Америкада да Месси! АҚШ-тың «Интер Майами» футбол клубында өнер көрсететін аргентиналық футболшы, 8 дүркін «Алтын доп» иегері Лионель Месси МЛС чемпионатының қорытындысымен жыл ойыншысы атанды.

Лионель Месси МЛС чемпионатының жыл ойыншысы атанды

МЛС үздіктерді дауыс беру арқылы анықтады. Оған лига футболшылары, клубтың техникалық қызметкерлері мен БАҚ өкілдері қатысты. Нәтижесінде 38,43% дауыс жинаған Месси жыл үздігі атанды. Екінші орынды 33,7% көрсеткішпен «Коламбус» командасының сұрмергені Кучо Эрнандэс иеленді.

Айта кетейік, аргентиналық футболшы Лионель Месси МЛС чемпионатында өткен маусымда 19 ойын өткізіп, 20 гол соғып, 16 нәтижелі пас берген. «Интер Майами» біріншіліктің жалпы айналымында топ жарды. Ал плей-оф бәсекесінде алғашқы айналымнан әрі аса алмады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×