Лионель Месси ПСЖ-да тағы бір маусым өткізбек

19.03.2022, 22:58
Футболшының соңғы жылдары Чемпиондар лигасында жолы болмауда.
Лионель Месси ПСЖ-да тағы бір маусым өткізбек

ПСЖ шабуылшысы Лионель Месси клубтан кетуді жоспарлап отырған жоқ. Ол команда басшылығына келесі маусымды Парижде өткізетінін айтты, деп хабарлайды France Football басылымы.

34 жастағы Месси 2021 жылдың жазында келісім-шарт мерзімінің аяқталуына байланысты «Барселонадан» кетіп, 10 тамызда франциялық ПСЖ клубымен екі жылдық келісім-шарт жасасқан болатын.

Ағымдағы маусымда Лео 17 матчқа қатысып, алты гол соқты, алты нәтижелі пас берді. Бірақ оның командасы Чемпиондар лигасының плей-офф кезеңінде «Реал Мадридтен» жеңіліп қалды.

Естеріңізде болса, бұған дейінгі сұхбаттарында Месси мансабының соңғы бөлігін АҚШ-та өткізгісі келетінін бірнеше рет айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×