Лионель Месси ПСЖ-ға ауысады

10.08.2021, 21:26
Қос тарап нақты бір мәмілеге келді. Келісім-шарт екі маусымға есептелген.
Лионель Месси ПСЖ-ға ауысады

"Пари Сен-Жермен" алдағы күндері Лионель Мессимен 2023 жылдың маусым айына дейін келісім-шартқа отырғанын хабарлайды. Бұл туралы белгілі инсайдер Фабрицио Романо өзінің твиттер парақшасында жазды.

Италиялық журналисттің мәліметінше, келісім-шартта 2024 жылға дейін ұзарту мүмкіндігі қарастырылған екен. Ал Леоның жылдық жалақысы бонустарды қоса есептегенде 35 миллион еуроны құрайды.

ПСЖ Лео және Хорхе Мессимен тікелей байланысқа шыққан жалғыз клуб болды. Келіссөздер өткен бейсенбіде "Барселонаның" ресми мәлімдемесінен кейін басталды. Месси ПСЖ-ның жаңа ойыншысы ретінде жақын арада таныстырылады.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×