Лионель Месси: "Роналду "Алтын доп" жүлдесі бойынша менімен теңескенде аздап таң қалдым"

04.12.2019, 01:32
Лионель Месси: "Роналду "Алтын доп" жүлдесі бойынша менімен теңескенде аздап таң қалдым"

«Барселона» сұрмергені Лионель Месси 6-рет "Алтын доп" жүлдесін алғаннан кейінгі әсерімен, Криштиану Роналду екеуінің бәсекелестік жайында өз пікірімен бөлісті деп хабарлайды France Football.

  • "Дәл осы жүлдені 2015 жылы бесінші рет алғанда сол сәтті барынша бағалауға тырыстым. Себебі, бес рет үздік атану кез келгеннің маңдайына бұйыра бермейтін бақ. Ал Роналду екеуміз жүлде саны бойынша теңескенімізде шынымды айтсам, аздап таңқалдым. Өйткені, тұғыр биігінде жалғыз тұрмағанымды, менің нәтижемді қайталаған тағы бір футболшы пайда болғанын түсіндім. Бір жағынан бұл маған еселеп жаттығуға күш берді.

Сіз өзіңізді футбол тарихындағы ең үздік футболшы деген пікірмен қаншалықты келісесіз?

  • "Шынымды айтсам, мен бұл туралы ештеме айта алмаймын. Әр кезеңнің ұлы футболшылары болады. Мен ол ойыншыларды Криштиану, я болмаса Килиан Мбаппе сынды шебер футболшылармен салыстыра алмаймын. Әр жанкүйердің өзіне ұнайтын футболшысы болады емес пе?!"
  • "Өзімді әлемдегі үздік ойыншы деп айтуға батылым бармайды. "Алтын допты" бір емес алты рет алу мен үшін үлкен құрмет, биік белес".

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×