Лионель Месси тарихи жетістікке қол жеткізді

29.10.2020, 19:25
Кешегі матчта Месси пенальтиден гол соққан еді.
Лионель Месси тарихи жетістікке қол жеткізді

"Барселонаның" шабуылшысы Лионель Месси Чемпиондар лигасының 2-турында "Ювентуспен" болған ойында гол соғып, тарихи жетістікке қол жеткізді - Чемпиондар лигасының топтық кезеңінде 70 гол соққан алғашқы футболшы атанды.

Кешегі ойында "Ювентус" "Барселонадан" 0:2 есебімен жеңіліп қалды. Ойын Туриндегі "Альянц" стадионында өтті. Кездесуде Данни Маккели бастаған голландиялық төрешілер тобы қазылық етті, оған төрешілер Марио Дикс пен Хессел Стегстра көмектесті.

Есеп бірінші таймда ашылды - 14-минутта Усман Дембеле алғашқы голдың авторы атанды. Кездесу соңында Лионель Месси пенальтиден гол соғып, "Барселонаның" басымдылығын арттырды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×