Лионель Месси тарихи жетістікке қол жеткізді

19.11.2020, 00:17
Месси 2022 жылы мансабындағы соңғы әлем чемпионатына қатысатын шығар.
Лионель Месси тарихи жетістікке қол жеткізді

Лима қаласындағы (Перу) "Насьональ" стадионында Перу мен Аргентина құрамалары арасында 2022 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңінің 4-турының кездесуі өтті, онда қонақтар 2:0 есебімен жеңіске жетті.

Лионель Месси тарихи белесті бағындырып, ұлттық құрамада жеңіске жеткен матчтардың саны бойынша бірінші орынға шықты. Аргентина құрамасындағы жеңістер саны бойынша үшінші орында Хавьер Дзанетти тұр - 142 матч және 80 сәтті кездесу. Екінші орынға Хавьер Маскерано тұрақтады, ол 147 кездесу өткізіп, оның 84-інде жеңіске жетті. Ал Лионель Мессидің 142 кездесуінде 85 жеңісі бар.

Осы жеңістен кейін Аргентина турнир кестесінде бір сатыға көтеріліп, қазір 10 ұпаймен екінші орынға жайғасты, көшбасшы Бразилиядан 2 ұпайға қалып қойды. 4 матчта 1 ұпай жинаған Перу тоғызыншы орында.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×