Лионель Месси жаңа клубымен келіссөздер жүргізуде

22.08.2021, 23:24
Аргентиналық футболшы ПСЖ-мен келісім-шарты аяқталғаннан кейін АҚШ-қа кетуді жоспарлап отыр.
Лионель Месси жаңа клубымен келіссөздер жүргізуде

"Пари Сен-Жерменнің" шабуылшысы Лионель Месси "Интер Майами" клубымен келіссөздер жүргізуде, деп хабарлайды Mirror.

Дереккөздің хабарлауынша, америкалық клубтың қожайыны Дэвид Бекхэм аргентиналық футболшы мансабын аяқтағанға дейін өзінің командасында ойнағанын қалайды. Бекхэмнің жеке өзі Лионельмен келіссөздер жүргізген екен. Ал Мессидің өзі жақында Майамиден үй сатып алды деген ақпарат бар.

Месси "Барселона" сапында 2005 жылдан бері ойнады. Оның каталондық клубпен келісім-шарты маусым айының соңында аяқталды. 10 тамыз күні Лионель ПСЖ ойыншысы атанды, клубпен екі жылдық келісім-шартқа отырды. Бірақ Месси француз клубында әлі дебют жасаған жоқ.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×