"Пари Сен-Жермен" жақын арада Аргентина құрамасының шабуылшысы Лионель Мессимен келісім-шартқа отырады. Бұл жайлы белгілі инсайдер Фабиицио Романо хабарлады.
Оның айтуынша, ПСЖ қазір Месси мен оның әкесі Хорхеге ресми келісім-шарт ұсынуға дайындалып жатыр. Хорхе Месси жақын арада Францияға келіп, ПСЖ-мен тікелей келіссөздер жүргізеді.
Мессиге ұсынылған келісім-шарттың мерзімі 2023 жылдың маусымына дейін жарамды, тағы бір жылға ұзарту мүмкіндігі де қарастырылған. Қазір қос тарап ресми жалақыны анықтау үшін және салықтар бойынша жұмыс жүргізуде.
Айта кету керек, ПСЖ бейсенбі күннен бері Мессимен келіссөз жүргізген жалғыз клуб болды. Ал "Манчестер Сити" футболшыға мүлдем қызығушылық танытпады.
Неймар соңғы 24 сағат ішінде париждік команданың басшылығын Лионельді алуға үгіттеді. ПСЖ ойыншылары аргентиналық шабуылшының командаға қосылатынына сенімді болып отыр.
Біздің серіктес: FONBET