Әліп Коста-Рикалық шабуылшыға шапалақ жегізе жаздады

Мұқашұлы Мұрат
Мұқашұлы Мұрат
Бас редактор
04.04.2024, 09:35

Нұралы Әліп кеше "Зениттің" сапында "Спартакқа" қарсы өткен Ресей Кубогінің жартылай финалдық бәсекесіне қатысты. Бұл қос команданың осы кезеңдегі бірінші матчы болатын. 

Әліп Коста-Рикалық шабуылшыға шапалақ жегізе жаздады

Питерлік клубтың негізгі құрамында шыққан Қазақстан Ұлттық құрама командасының қорғаушысы матчтың соңына дейін ойнай алмады. Сергей Семак орталық қорғаушыны бірінші таймнан кейін алмастырып тастаған. Сергей Богданұлының бұлай істеуіне Әліптің сары қағаз алуы түрткі болды. Қазақстандық футболшы ойынның бірінші бөлігінде мәскеулік команданың Коста-Рикалық сұрмергені Манфред Угальдемен конфликтке келіп, сол үшін жазаланған болатын. Бұл эпизодта төреші Угальдеге де сары қағаз көрсеткенін айта кету керек. Ал кездесудің өзіне келер болсақ, Әліптің командасы жеңіліп жатып, камбэк жасады (1:2). "Зениттің" бразилиялық легионері Педро дубль жасап, питерліктерге жеңіс сыйлады. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 13
Ұнамайды 1
Күлкілі 1
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×