Санкт-Петербургтің "Зенит" клубының бас бапкері Сергей Семак Ресей Премьер лигасының 5-турында Мәскеудің "Спартак" командасымен (2:2) болған матчтан кейін қорғаныс шебін сынға алды.
"Ойынға келсек, біз өте жеңіл голдарды жіберіп алдық деп ойлаймын. Қорғаныс өкінішке қарай, қазіргі таңда біздің ең мықты тұсымыз емес. Екінші таймда қайта құруға тырыстық, бірақ ойыншының алаңнан қуылуы жоспарды бұзды. Бірақ, ойыншы саны аз кезде есепті теңестіргеніміз команданың плюсі болды. Ұпай жоғалту, әрине, бізді қанағаттандырмайды. Барлығын саралап, алдағы матчқа дайындаламыз.” – деді Семак клубтың баспасөз қызметіне берген сұхбатында.
Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп бұл ойынды алғашқы минуттардан бастап алаңға шықты. Алайда алғашқы таймнан кейін оны Роман Вегамен алмастырды.