Әліп, Зайнутдинов, Самородовтар 20 жасар баланың артында қалды. РПЛ-дің ең қымбат ойыншысы анықталды

16.09.2025, 09:15

Халықаралық спорттық зерттеулер орталығы (CIES) Ресей Премьер лигасындағы ең қымбат футболшылардың рейтингін жариялады.

Әліп, Зайнутдинов, Самородовтар 20 жасар баланың артында қалды. РПЛ-дің ең қымбат ойыншысы анықталды

Мәскеулік "Локомотивтің” 20 жастағы жартылай қорғаушысы Алексей Батраков тізімде бірінші орынға шықты. Сарапшылар оның трансферлік құнын €41–47 млн аралығында бағалап отыр.

Екінші орынға "ЦСКА"-ның талантты ойыншысы Матвей Кисляк (€32–37 млн), ал үздік үштікті "Зенит" вингері Луис Энрике (€31–36 млн) түйіндеді.

Батраков биылғы маусымда жасындай жарқырап, 11 матчта 10 гол соғып, 2 нәтижелі пас берген. Оның "Локомотивпен” келісімшарты 2029 жылға дейін күшінде.

Айта кетерлігі, CIES бағасы Transfermarkt деректерінен айтарлықтай өзгеше, онда Батраковтың нарықтық құны €12 млн деп көрсетілген. Мұндай айырмашылық әр платформада қолданылатын есептеу әдістерінің ерекшелігіне байланысты.

- CIES Football Observatory

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 2
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×