Әліптің клубы бапкеріне байланысты шешім қабылдады

01.05.2024, 06:20

Сергей Семак "Зенитпен" арадағы келісімшартын 2030-жылдың мамырына дейін созады.

Әліптің клубы бапкеріне байланысты шешім қабылдады
Нұралы Әліп "Зенит" сапында

Бұл туралы питерлік клубтың директорлар кеңесінің төрайымы Елена Илюхина мәлімдеген болатын. 

"Сергей Богданұлымен келісімшартты тағы бес жылға созу туралы уағдаласып қойдық яғни 2030-жылдың мамырына дейін. Жаңа маусым басына дейін келісімшартқа қол қойылады"- деген еді Е. Илюхина. 

Айта кетейік, Сергей Семак Санкт-Петерборлық команданы 2018-жылдан жаттықтырып келеді. Ал 2022-жылы"Қайраттан" "Зенит" сапына Қазақстан құрамасының қорғаушысы Нұралы Әліп ауысқан болатын. Сол кезде питерлік клубтың Әліп үшін 2 миллион еуро төлегенін қоса кетейік. Футболшы мен клуб арасындағы келісімшарт 2025-жылдың 30-маусымына дейін. РПЛ-дің осы маусымында Н. Әліп 16 кездесуге қатысып, 4 сары қағаз алған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 4
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 1
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×