Санкт-Петербургтік "Зенит" Ресей Премьер игасының 18-турында Тольяттидің "Акрон" командасын 2:0 есебімен тізе бүктірді, деп хабарлайды Aladop.kz.
Кездесу "Акрон" үшін басынан-ақ қиынға соқты – 14-минутта қорғаушы Йонуц Неделчяру тікелей қызыл қағаз алып, алаңнан қуылды. Бұл басымдықты "Зенит" тез арада пайдаланды.
32-минутта Жерсон есеп ашып, командасын алға шығарды. 41-минутта Луис Энрике үзіліске дейін есепті 2:0-ге жеткізіп, матч тағдырын шешті.
Бұл матчта Қазақстан ұлттық құрамасының капитаны Нұралы Әліп алғашқы минуттан бастап алаңға шығып, ойынның соңына дейін толық ойнады. Қорғаныста да шабуылда да белсенділік танытты.
Осы жеңістен кейін "Зениттің" ұпай саны 39-ға жетіп, РПЛ кестесіндегі көшбасшылықты сақтап қалды. Ал "Акрон" 21 ұпаймен тоғызыншы орында.