"Ливерпуль" 31 жыл бұрынғы рекордын жаңартты

06.12.2019, 00:45
"Ливерпуль" 31 жыл бұрынғы рекордын жаңартты

АПЛ-дың 15-туры аясында "Ливерпуль" өз алаңында "Эвертонды" 5:2 есебімен ұтты. Осылайша, Клопп шәкірттері биыл әлі жеңіліссіз келе жатыр (14 жеңіс, 1 тең ойын).
Ал өткен жылғы көрсеткішпен қоса есептегенде серия 32 матчқа жетті (27 жеңіс, 5 тең ойын).
Нәтижесінде "Ливерпуль" сонау 1987 жылдың мамыры мен 1988 жылдың наурызы аралығында тіркелген жеңіліссіз ойындар көрсеткішін жаңартты.
Естеріңізге сала кетейік, "Ливерпуль" 15 турдан кейін 43 ұпай жинап, турнир кестесінің көш басында келе жатыр.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×