«Ливерпуль» алғашқы трансферін жасамақ

10.08.2020, 19:41
«Ливерпуль» биыл үлкен трансферлер жасамайтынын мәлімдеген болатын.
«Ливерпуль» алғашқы трансферін жасамақ

«Ливерпуль» басшылығы клубтың скауттарына Эндрю Робертсонға бәсекелес бола алатын сол жақ қорғаушыны табуды тапсырған екен. Дереккөздің хабарлауынша, Англия клубы «Олимпиакос» қорғаушысы Константинос Цимикасты алғысы келеді.

«Ливерпуль» ойыншының агентімен және "Олимпиакос" клубының басшылығымен байланыс орнатып, 24 жастағы Цимикас үшін 13 миллион еуро ұсынды. Алайда, трансферге басқа Англия клубы - «Лестер» кедергі келтіруі мүмкін, ол да ойыншыға қызығушылық танытуда. Барлығы Премьер Лиганың клубтарынан жақсы ұсыныс күтетін «Олимпиакосқа» байланысты болады.

Цимикас - "Олимпиакос" клубының түлегі, сонымен қатар Грекия құрамасына да шақырту алып жүрген ойыншы. Қорғаушының трансферлік құны 9 миллион еуроға бағалануда.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×