«Ливерпуль» - «Челси» ойынына болжам

20.10.2024, 15:09

Бүгін ағылшын премьер-лигасындағы осы кездесу керемет эмоциялар сыйлайын деп тұр.

«Ливерпуль» - «Челси» ойынына болжам
"Ливерпуль" - "Челси" кездесуі

«Ливерпуль» - «Челси» сөзсіз, турдың орталық ойыны және командалар бұл статусты толықтай ақтай ма дейміз. Қос команданың да ойын алдында айтарлықтай кадрлық қиындықтары бар: алаң иелеріне қақпашы Алисонның болмауы үлкен мәселе болғалы тұр. Ливерпульдік ұжым жеті турда небары екі-ақ гол жіберген және бұл ең алдымен осы бразилиялық кипердің арқасы екені анық. Бүгін енді Алисон өзінің командасына көмегін бере алмайды. Лондондықтар қатарында Кукурелья секілді сенімді қорғаушының алаңға шықпайтыны мәлім. Сонымен, бұл бәсекеден не күтуге болады? Алаң иелері егер бүгін ұтылып, ұпайдан шашау шығарса, өкшелеп тұрған «Манчестер Ситиді» алға шығарып алуы мүмкін. Сондықтан, мерсисайдтықтар барынша жеңіске жетуге тырысып көрмек. «Челси» де осал емес, Энцо Мареска тәп-тәуір ойын қойып берген: алаңнынң ортасына жауапты Палмер ерекше нәтижелілігімен таңқалдырса, Джексондай шабуыл өтіндегі футболшылар жаңа бапкермен бірге екінші тыныстары ашылғандай әсер қалдырады. Мәселен, «зейнеткерлер» қазір АПЛ-де гол салу көрсеткіші бойынша тек «Манчестер Ситиден» ғана қалып келеді. Шабуылы жойқын болғанымен, лондондық ұжымның қорғаныстағы осалдығын да мойындау керек (жеті ойында 8 гол жіберген).

Сонымен, біздің бұл кездесуге ұсынған болжамымыз мынадай, «Челси» ұтылмайды. «Фонбет.кз» букмекерлік кеңсесі лондондықтардың жеңілмейді деген бәсіне 2.35 коэфициент беріпті. Қонақтардың шабуылдағы әлеуеті мен «Ливерпульдің» негізгі қақпашысының болмайтынын ескерсек, әбден өміршең нұсқа деуге болады.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 10
Ұнамайды 6
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×