“Ливерпуль” Энфилдте “Ноттингемге” есе жіберді – Арне Слоттың тағдыры қыл үстінде

22.11.2025, 23:45

Ағылшын Премьер лигасында "Ливерпуль" өте ауыр кезеңді бастан кешіріп жатыр. Команданың дағдарысы тереңдей түсті, деп хабарлайды Aladop.kz.

“Ливерпуль” Энфилдте “Ноттингемге” есе жіберді – Арне Слоттың тағдыры қыл үстінде

Чемпиондар соңғы 7 ойынның 6-ында, ал соңғы 11 кездесудің 8-інде жеңіліс тапты. Бұл жағдай бас бапкер Арне Слоттың болашағына қатысты күмәнді күшейтіп отыр.

Маусымды тамаша бастаған Мерсисайдтықтар алғашқы бес матчтың бәрінде жеңіске жетіп, чемпиондықты қорғауға сенімді қадам жасаған еді. Алайда кейін команданың ойыны күрт нашарлап, тұрақтылық жоғалды. Чемпиондар лигасында "Айнтрахт” пен "Реал Мадридті” жеңгенімен, ішкі біріншіліктегі мәселелер шешілмей тұр.

Қазір "Ливерпуль” 11 турдан кейін 18 ұпаймен 12-орында келеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 2
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×