«Ливерпуль» - «Галатасарай» кездесуіне болжам

Бүгін, 14:25

«Ливерпуль» Чемпиондар лигасы 1/8 финалының жауапты  кездесуінде «Галатасарайдан» есесін қайтара ала ма?

«Ливерпуль» - «Галатасарай» кездесуіне болжам
"Галатасарай" - "Ливерпуль" кездесуі

Стамбулда түркиялық команда 1:0-мен басым болған.

«Ливерпуль»

Англиялық клуб бұл матчқа сүреңсіз статистикамен келуде: соңғы бес кездесуде екі жеңіс, екі жеңіліс пен 1 тең ойын. Соңғы турда Арне Слот командасы «Тоттенхэммен» тең түссе (1:1), «Галатасарайға» қарсы алғашқы ойында жеңіліс тапты. Осыған қарамастан, «Ливерпуль» өз алаңында әдеттегідей агрессивті әрі нәтижелі ойынымен ерекшеленеді.

«Галатасарай»

Түркиялық топ-клубтың бұл тұрғыдағы жағдайы әлдеқайда жақсы. «Галатасарай» барлық турнирде қатарынан бес жеңіс тіркеді. Соның ішінде «Ливерпульге» қарсы алғашқы матчтағы жеңіс ерекшеленіп тұратыны анық. Стамбулдықтар биылғы маусымда тәртіпке бағынған, жинақылығымен даралануда. Әсіресе, қорғаныстағы ойыны тамаша. Ал «Галатасарайдың» мықты қарсыластарға қарсы батыл әрі сауатты ойыны бүгін де өз жемісін беруі мүмкін.

  • «Ливерпуль» соңғы 4 матчтың 2-де жеңілді
  • «Галатасарай» қатарынан 5 ойын жеңді
  • «Галатасарай» соңғы 3 матчта гол жібермеген
  • Алғашқы матч 1:0 есебімен аяқталды

Біздің болжам:

«Ливерпуль» бұл ойында шабуылға көбірек көңіл бөліп, есепті теңестіріп алуды көздейді. Ал «Галатасарай» қарсы шабуылдарға, қарымта шабуылдарға иек артатыны анық. Қалай дегенде де матч тартысты әрі қауіпті сәттерге толы болады. Матчтың тоталы 2.5-тен жоғары болады деп топшылаймыз.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×