Кеше, 27 ақпанда Лондондағы «Уэмбли» стадионында 2021/2022 жылғы маусымдағы Англия лигасы кубогінің финалдық матчы аясында «Челси» мен «Ливерпуль» клубтары күш сынасты.
Командалар ойынның негізгі және қосымша уақытында гол соға алмады. Ал пенальти сериясында «Ливерпуль» ойыншыларының мерейі ғстем болды. Матч соңындағы лотерея 11:10 есебімен аяқталды. Қақпашы Кепа Аррисабалага мүмкіндігін мүлт жіберген жалғыз ойыншы ретінде тіркелді.
Осылайша, мерсисайдтық клуб өз тарихында тоғызыншы рет Англия лигасы кубогінің иегері атанды.
Біздің серіктес: FONBET