“Ливерпуль”, “МЮ” және “Челси” Симоне Индзагидің қызметіне жүгініп отыр

27.02.2024, 19:01

Симоне Индзаги АПЛ клубтарының бірінде қызмет атқаруға жақын, деп жазады Аладоп.кз.

“Ливерпуль”, “МЮ” және “Челси” Симоне Индзагидің қызметіне жүгініп отыр

Индзагиді өз бапкері қылғысы келетін ұжымдар арасында “Ливерпуль”, “МЮ” және “Челси” клубтары бар. Айта кетейік, Симоненің қазіргі “Интер” ұжымындағы келісімшарты 2025 жылға дейін жарамды. Ол Милан қаласының командасында жылына 5,5 млн еуро жалақы алады.

АПЛ клубтары оған 8-9 млн еуро жалақы ұсынып отыр. Юрген Клопп жазда “Ливерпульден” кететіндіктен, Индзаги кандидатурасы мерсисайдтықтардың басты назарына алынып отыр. Одан тағысы, “МЮ” пен “Челсидің” бапкерлері Эрик тен Хаг пен Маурисио Почеттиноны қызметінен босатуды көздеуде екен. Аталған ұжымдарда Симоне бапкерге талас құрмақ.

Индзагидің тізгінінде “Интер” Чемпиондар Лигасының өткен маусымның финалына шықты.  

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×