«Ливерпуль» Мохамед Салахты жібергісі келмейді

23.12.2020, 00:54
Мерсисайдтық клуб футболшыға жаңа келісімшарт ұсынбақшы.
«Ливерпуль» Мохамед Салахты жібергісі келмейді

«Ливерпуль» Мохамед Салахпен қоштасқысы келмейді, деп хабарлайды Goal.com.

Дереккөздің хабарлауынша, ағылшын клубы 28 жастағы мысырлық футболшыны командада сақтап қалғысы келеді және оған жаңа келісімшарт ұсынбақшы. 2023 жылдың жазына дейін есептелген қазіргі келісім бойынша, Салах аптасына 200 000 фунт (220 000 еуро) алады.

Бұған дейін Салах команданың бас жаттықтырушысы Юрген Клопптың Чемпиондар лигасының соңғы турында «Мидтьюлландпен» (1: 1) болған матчқа команда капитаны ретінде өзін емес, жас қорғаушы Трент Александр-Арнольдты таңдау туралы шешіміне көңілі қалғанын ашық айтқан болатын.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×