«Ливерпуль» португалиялық футболшымен толықты

08.04.2022, 04:32
Трансфер құны 27 миллион еуроны құрады.
«Ливерпуль» португалиялық футболшымен толықты

«Ливерпуль» «Фулхэмнің» португалиялық жартылай қорғаушысы Фабио Карвальоны қатарға қоспақ, деп хабарлайды журналист Фабрицио Романо.

Дереккөздің ақпаратына сәйкес, трансфер құны 25 миллион фунт стерлингті (27 миллион еуро) құрайды. Мерсисайдтық клубта жас ойыншы жылына 5 миллион еуро алады, сонымен қатар оған 2,7 миллион еуро бонус төленеді. Жаңа клубпен келісім-шарт 2027 жылға дейін жасалмақ. Трансфер ресми түрде мамыр айында жарияланады.

Ойыншының агенті Жорже Мендеш «Ливерпуль» басшылығымен жақсы іскерлік қарым-қатынаста, сондықтан Карвальоның мерсисайдтық клубқа ауысу ықтималдығы айтарлықтай жоғары болды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×