"Ливерпуль" жазғы трансфер кезеңінде шабуылшы сатып алуды жоспарлап отыр.
Don Balon-ның айтуынша, "Ливерпуль" "Реал Мадридтің" бразилиялық шабуылшысы Родригоға қызығушылық танытуда. Клуб басшылығы Родригоны египеттік шабуылшы Мұхаммед Салахты алмастырушы ретінде қарастырып отыр. Юрген Клопп - 19 жастағы бразилиялықтың үлкен жанкүйері, ал оның құнын Transfermarkt порталы 45 миллион еуроға бағалады.
Корольдік клубтың бас бапкері Зинедин Зидан Родригоны сатуға қарсы, өйткені ол оны команданың маңызды бөлігі және болашағы деп санайды. Зидан басшылыққа бразилиялықтың ашылмаған қыры бар екенін, алдағы жылдары өзінің керемет ойыны арқылы Мадридтік клубқа көп пайда әкеледі деп айтқан. Осы маусымда Родриго Испания чемпионатының бес матчына қатысып, тиімді әрекеттермен көзге түсе алмады.
Біздің серіктес: FONBET