«Ливерпуль» «Вильярреалдың» шабуылшысы Арно Данжума Груневелдті сатып алуды жоспарлап отыр, деп хабарлайды белгілі инсайдер Фабрицио Романо.
Мерсисайдтықтар Груневелдті жазда аоғысы келген, бірақ «Вильярреал» ойыншы үшін күресте жеңіске жетті. Дегенмен, «Ливерпуль» Нидерланды құрамасының ойыншысынан бас тартпайды.
Данжума «Вильярреалға» осы жазда «Борнмуттан» ауысып келді. Ағымдағы маусымда шабуылшы испаниялық команда үшін 15 ойынға қатысып, жеті гол соқты, екі нәтижелі пас берді.
Айта кетейік, «Реал Сосьедадтың» жартылай қорғаушысы Микель Мерино да мансабын «Ливерпульде» жалғастыруы мүмкін.
Біздің серіктес: FONBET