«Ливерпуль» «Вильярреалды» сенімді түрде жеңді

28.04.2022, 13:43
Мерсисайдтықтар екі минут ішінде матч тағдырын шешіп кетті.
«Ливерпуль» «Вильярреалды» сенімді түрде жеңді

УЕФА Чемпиондар лигасының жартылай финалындағы алғашқы ойында «Ливерпуль» «Вильярреалмен» кездесті. Ойын Ливерпульдегі (Англия) «Энфилд» стадионында өтіп, 2:0 есебімен алаң иелері жеңіске жетті.

Матчтың бірінші жартысы 0:0 есебімен аяқталды, бірақ Юрген Клопп шәкірттері айтарлықтай басымдыққа ие болды. Кездесудің бірінші таймында мерсисайдтықтар қарсылас қақпасына 15 соққы жасаса, испаниялық клуб бір ғана соққымен жауап қатты.

«Ливерпуль» 53-минутта өз дегеніне жетті. Джордан Хендерсон пасынан кейін «Вильярреалдың» қорғаушысы Первис Эступинян допты аңдаусызда өз қақпасына енгізіп алды. Екі минуттан кейін «Ливерпуль» таблодағы есепті еселеді. Голды Садио Мане өз еншісіне жазды. Мерсисайдтық клубтың жартылай қорғаушысы Тиаго Алькантара матчтың үздік ойыншысы деп танылды.

Қос команда арасындағы жауапты матч 3 мамырда Испанияда өтеді.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×