"Ливерпуль" - "Зальцбург" шабуылшысын сатып алады

13.12.2019, 22:35
"Ливерпуль" - "Зальцбург" шабуылшысын сатып алады

Бұл ойыншы үшін ағылшын клубы көп шығындалмауы да мүмкін.

"Ливерпуль" қысқы трансферлік кезеңде "Зальцбург" пен Жапония құрамасының шабуылшысы Такуми Минаминоны сатып алатын болды деп хабарлайды The Independent.
Ағылшын клубы жапониялық футболшының келісім-шартында көрсетілген 8 млн. еуроны төлеуге әзір. Себебі, Такумидің ойын мәнері Юрген Клоптың көңілінен шығыпты.

Айта кетейік, Ливерпуль шабуылшысы Садио Мане мен жартылай қорғаушы Наби Кейта дәл осы "Зальцбург" сапында жасындай жарқылдаған.

Такуми Минамино Австрия біріншілігінде 15 ойынға қатысып, 5 гол, 5 нәтижелі пас берген.

Шамкен БАЙЫРБЕК.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×