«Ливерпуль» «Зальцбургтың» тағы бір ойыншысын алмақшы

13.05.2020, 22:43
«Зальцбургтың» ойыншыларын алпауыттар талап алып жатыр.
«Ливерпуль» «Зальцбургтың» тағы бір ойыншысын алмақшы

Таланттар ұстаханасына айналып келе жатқан "Зальцбургтың" тағы бір ойыншысы алпауыттар назарында. Венгриялық ойыншы Доменик Соболслай "Арсенал", "Боруссия" Д, "Лейпциг" клубтарының назарында жүр. Бірақ, қазір бұл ойыншыны сатып алуға "Ливерпульде" кірісті. Трансферлік құны 30 миллион болатын венгр жартылай қорғаныста мықты дейді. Оның жасы да қазір небәрі 19-да.

Аустрия командасына ол 2018 жылы келді. Биыл ол Аустрия бундеслигасында 17 ойын өткізіп, 2 гол салды. Екеуінде пенальтиден соқты. "Ливерпуль" осыған дейін РБ "Зальцбург" клубынан ойыншы алды. Ол жапон Такуми Минамото. Сосын Нәби Кейта мен Садио Манелер кезінде осы клубта ойнаған.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
×