«Ливерпульдің» тағы бір ойыншысы ұлттық құрама сапында жарақат алды.
Бұл жолы Англия құрамасының жартылай қорғаушысы Джордан Хендерсон жарақат алып, Бельгия құрамасымен болған матчта алмастырылды (0:2). Кейінірек бас бапкер Гарет Саутгейт бұл ауысымды ойыншының жарақат алуымен байланысты екенін растады.
«Хендерсон үзіліс кезінде өзін жайсыз сезініп, ойнай алмайтынын айтты», - деді Саутгейт.
Бұған дейін «Ливерпуль» қорғаушысы Эндрю Робертсон Шотландия құрамасы сапында Словакиямен болған ойында жарақатына байланысты алаңға шықпаған еді. «Ливерпульдің» қорғаушысы Джо Гомес те Англия құрамасының жаттығуы кезінде ауыр жарақат алды.
Біздің серіктес: FONBET