Ливиялық “Қайратқа” қосыла ма? Трансферлік қауесеттің нүктесі қойылды

Бүгін, 21:03

Соңғы уақытта спорттық БАҚ беттерінде Ливия құрамасының футболшысы Фадель Саламаның Алматылық "Қайратқа" ауысуы мүмкін екендігі туралы ақпарат желдей ескен болатын. Алайда, бұл жаңалық шындыққа жанаспайтын болып шықты, деп хабарлайды Aladop.kz.

Ливиялық “Қайратқа” қосыла ма? Трансферлік қауесеттің нүктесі қойылды

Клуб бұл футболшыны танымайды

ЖаркOff телеграм арнасының хабарлауынша, Қазақстан чемпиондары тарапынан бұл ойыншыға деген ешқандай қызығушылық жоқ. Тіптен, сенімді дереккөздің мәлімдеуінше, клуб басшылығы мен селекционерлер мұндай футболшының бар екенін тек баспасөздегі шудан кейін ғана білген.

Агенттердің айласы ма?

Дереккөздің пайымдауынша, бұл — футболшы агенттерінің жиі қолданатын әдісі. Яғни:

– Ойыншының атын танымал клубпен байланыстыру арқылы оның нарықтағы құнын көтеру.

– Басқа әлеуетті сатып алушылардың назарын аударып, тиімді келісімшартқа қол жеткізу.

Қорыта айтқанда, ливиялық жартылай қорғаушы “Сары-Қаралардың" трансферлік тізімінде жоқ және алдағы уақытта Алматы клубына ауыспайды. 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 1
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×