Лондондық «Челси» клубы футболшыларға берілетін бонустарын Диогу Жота мен оның ағасы Андре Силваның отбасына аударады

14.08.2025, 14:08

Лондондық «Челси» клубы клубтық әлем чемпионатында жеңіске жеткені үшін футболшыларға берілетін бонустардың бір бөлігін қаза тапқан «Ливерпуль» шабуылшысы Диогу Жота мен оның ағасы Андре Силваның отбасына аударады. Бұл туралы The Athletic онлайн-басылымы хабарлады. Дереккөз мәліметінше, Жотаның отбасына шамамен 15,5 миллион доллар (€ 13,3 миллион) жіберіледі.

Лондондық «Челси» клубы футболшыларға берілетін бонустарын Диогу Жота мен оның ағасы Андре Силваның отбасына аударады
Диогу Жота

Еске сала кетейік, клубтық әлем чемпионатының финалында «Челси» «ПСЖ»-ны 3:0 есебімен жеңді. Диогу Жота туған ағасымен бірге Испанияда қаза тапқан. Қайғылы оқиға 3 шілдеде орын алған. Жота 2020 жылдан бері «Ливерпуль» сапында өнер көрсетті.

«Қызылдар» құрамында португалиялық шеткі шабуылшы Англия Премьер-лигасын және елдің ішкі кубоктарын жеңіп алды. Португалия құрамасымен Жота УЕФА Ұлттар лигасының жеңімпазы атанды.

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары

Тегтер:

Ливерпуль АПЛ
Aladop Youtube
×