Лондондық клуб Аргентиналық жұлдызды қатарларына қосуға жақын

28.08.2025, 18:00

Ағылшынның Sky Sports арнасының мәліметінше, "Челси" мен "Манчестер Юнайтед" клубтары Алехандро Гарначо трансфері бойынша келісімге өте жақын тұр.

Лондондық клуб Аргентиналық жұлдызды қатарларына қосуға жақын

"Манчестер Юнайтед" Аргентиналық шабуылшыны £50 миллионға бағалаған, алайда бұл сома “Челси"  үшін тым жоғары болып көрінген. Соған қарамастан, қос клуб ауысымды жүзеге асыруға  жақын.

Sky Sports дерегінше, 20 жастағы Гарначо басқа командалардың ұсыныстарын қабылдамаған. Ол тек “Челси" сапында өнер көрсеткісі келетінін ашық білдірген. 

Сонымен қатар ол "Юнайтедтің” негізгі командасымен жаттығудан шеттетілген. Бұл шешім ойыншыға жаңа клубымен келіссөздер жүргізуге мүмкіндік беру үшін жасалған.

Ағылшын футболында жазғы трансферлік терезе дүйсенбі күні жабылады. Сондықтан мәміле алдағы бірнеше күн ішінде толық жүзеге асуы тиіс.

 

Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 1
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Aladop Youtube
×