Лондондық "автобус". Жозе философиясы неге көпшілікке ұнамайды?

04.05.2015, 03:30
Лондондық "автобус". Жозе философиясы неге көпшілікке ұнамайды?
Әлем футболы соңғы жылдары көркінен айырылды дегенді талай естіп жүрміз. Неліктен? Өткен ғасыр мен ХХI ғасыр басындағы футболдың арасында қандай айырмашылық бар? Сол доп, сол алаң, сол есептер. Футбол қызығын жоғалтты ма, әлде, жанкүйер қауымның футболға, командаларға, жаттықтырушыларға, футболшыларға қояр шарты басқа ма? Әсіресе, прагматикалық футболы үшін сынға ұшырап жататын командалар көп. Оның бірі, сөзсіз лондондық "Челси". Нақтырақ айтсақ, бапкері-Жозе Моуриньо. Нәтиже үшін емес, тың философиясы үшін. Қызығы осы. Нәтиже мен жарқын ойын футболдағы ажырамас егіз дейміз. Бірақ, жер бетінде осы екеуін ұштастыратын, яғни матч бойы үстем болып, шабуылдан шабуыл қоймай, жанкүйерлер көңілінен шығар ойын көрсетіп, әрі таблоға қарасаң қарай бергін келетін есепті тіркейтін командалар бір қолдың саусағымен санарлық. Бірақ, кез келген жаттықтырушы үшін ең маңыздысы-қорытынды нәтиже. Себебі, әдемі ойын үшін емес, нәтижесі үшін басшылықтың сеніміне енеді, жалақы алады, белді маманға айналады, беделі өседі. Қорғанысқа басты назар аударатын футбол, антифутбол деген ұғыммен ешқандай байланысы жоқ. Антифутбол- футболға жат іс-әрекеттердің жасалуы. Дөрекі ойын, қарсыластың денсаулығына зиян тигізу мақсатында жасалған әдейі шалу, әділетсіз ойын. Осындай іс әрекеттерді "Челси" ойынынан күн сайын көресіз бе? Әлде, қашаннан бері ойынның көп бөлігінде қорғану заңға қайшы болған? Футбол тек, шабуылдан ғана тұруы тиіс пе? Фантазиямыз сондай футболды қалайтыны, командамыз әдемі жеңсе екен деп тілейтініміз түсінікті. Дегенмен, допқа 70 пайыз иелік етіп, қарсылас қақпасын торуылдау да кейде жеңіске аздық етеді. Оған, екі апта бұрын ойынның аяғынан басына дейін допты ары-бері домалатып, қақпа кілтін таппай жеңілген "Манчестер Юнайтед" дәлел. "Челси" де-"Реал", "Барселона", "Бавария" секілді топ-клуб. Оған дау жоқ. Сондықтан, Жозе командасы атына сай, неге осы алпауыттар секілді ойын көрсетпейді деген сұрақтар туады, иә? Неге, "Барса", "Бавария" секілді  допқа иелік ету көрсеткіші тұрақты түрде 70 пайыздан аспайды? Бірақ, Ағылшын Премьер-Лигасын, әлемдегі бірде-бір турнирмен салыстыруға болмайды. Иә, Испан Премьерасында да, Бундеслигада да міндетті түрде шабуылдаушы командалар жеңіске жетіп жатады. Бірақ, Англияға ол тән емес. Басқа біріншіліктерде тамаша ойын көрсетіп, Ағылшын Премьер-Лигасына келіп аты ұмыт болған футболшылар қаншама? Әлем чемпионатынан кейін Месси мен Роналдудан артық көрген Ди Мариямыз қайда? Португалия, Испания, Францияда голды қарша боратқан Фалькаоның Манчестердегі аянышты күйін қалай түсіндіруге болады? Неліктен Диего Костаның шамасы жарты маусымға ғана жетті? Себебі, Англиядағы матчтарға әрбір команда соңғы шайқасқа шыққандай шығады. Аутсайдердің алпауыт команданы жеңуі, сондықтан жиі ұшырасады. Шабуылды жақсы көретін "Арсеналдың" чемпион атанбағанына да он жылдан асыпты. Испан футболын ағылшын футболының бойына сіңдірем деген Пеллегрини мен "Манчестер Сити" биыл құрдымға кетті. Неге "Арсенал", "Манчестер Сити" емес, "Челси" соңғы маусымдарда Еуропадағы Англияның бетке ұстар командасы болды дегенді ойлаңып көрдіңіз бе? Жозенің басты мақсаты-жеңіс. Жеңіске жетер әркімнің өз жолы бар. Жозенің мінезін, тілінің ащылығын, философиясын сынға алғанмен, сынға нәтижемен жауап берері хақ. Берік қорғанысы үшін жазғырудың, шабуылға басты назар аударатын команданы Моуриньодан талап етудің қажеті жоқ. Португалиялық маман бүгінге дейінгі бүкіл командасын қорғаныс арқылы ойнатқан. "Порту", "Интер", "Челси". Тіпті, "Реал Мадридте" де. Аутсайдер командаларға қарсы да екі артқы жартылай қорғаушы шығарғаны үшін де испан журналистерінің сынына талай ұшырған. "Ақсүйектерден" "Барса", "Баварияға" тән ойынды күту бос әурешілік. Жақында, Жозе өзіңе тән мәнерде: "Таңдаңыз. Матч барысындағы команда ойынына деген мақтанышты ма, әлде ойын соңынан, маусым аяғынан кейінгі қуанышты ма?"-дегені бар. Моуриньо әлемге екеуін де бере алмайды. Мүмкіндік жоқтықтан емес, қалауы сол болғандықтан. Соны түсіну керек.   Фараби ӘБДІХАЛЫҚ  
Сіздің реакцияңыз?
Ұнайды 0
Ұнамайды 0
Күлкілі 0
Масқара 0
Серіктес жаңалықтары
Чемпионат Италии. Серия А
12.21
Торино
Болонья
19.00
П1
3.56
Ничья
3.025
П2
2.475
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Хольштайн
Аугсбург
19.30
П1
3.415
Ничья
3.435
П2
2.316
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Хоффенхайм
Боруссия Менхенгладбах
19.30
П1
2.389
Ничья
3.705
П2
3.055
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Айнтрахт Франкфурт
Майнц 05
19.30
П1
2.029
Ничья
3.93
П2
3.725
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Штутгарт
Санкт-Паули
19.30
П1
1.556
Ничья
4.685
П2
6.28
Чемпионат Германии. Бундеслига
12.21
Вердер
Унион Берлин
19.30
П1
2.296
Ничья
3.45
П2
3.45
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Ипсвич Таун
Ньюкасл Юнайтед
20.00
П1
5.24
Ничья
4.225
П2
1.671
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Вест Хэм Юнайтед
Брайтон энд Хав Альбион
20.00
П1
2.791
Ничья
3.745
П2
2.496
Чемпионат Англии. Премьер-лига
12.21
Брентфорд
Ноттингем Форест
20.00
П1
2.608
Ничья
3.585
П2
2.751
Чемпионат Испании. Примера
12.21
Сельта
Реал Сосьедад
20.15
П1
2.945
Ничья
3.19
П2
2.759
Aladop Youtube
×